Жол апаты қала қиылыстарының бірінде болған
Талдықорған қаласында жедел жәрдем көлігі мен екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты Жабаев пен Абылайхан көшелерінің қиылысында болған. Оқиға орнынан түсірілген видеоны Taldykorganec.insta Instagram-паблигі жариялады.
Жетісу облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жедел жәрдем машинасы Suzuki және Mazda автокөліктерімен соқтығысқан.
Қазір осы факті бойынша тексеріс жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.