Күдіктінің жасы 22-де
Талдықорғанда төбелес болып, адам өлді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде куәгерлердің түсіріп алған видеосы тарады. Онда Шығыс ықшам ауданында жігіттер арасында төбелес болғаны жазылған. Бірі сол жерде пышық жарақатынан қаза тапты. 2003 жылы туған адам ұсталды.
Полиция болған жайтты растады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды», -деп жауап берді полиция департаментінен.