Депутат COVID-19 симптомдарын бастан өткеріп жатқанын жазды
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Instagram парақшасында жазды. Айтуынша, қазір ауруханада ем алып жатыр.
«Соңғы күндері көп азаматтар денсаулығыма алаңдаушылық білдіріп, хабарласып жатыр.Әлемдік пандемия салқыны маған да тиді. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID-19 симптомдарын бастан өткерудемін», - деп жазды ол.
Сондай-ақ депутат азаматтарды барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды.
«Қазір вирустың таралу ықтималдылығы артты. Сондықтан, азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин әлі бітпеді», - деді Б. Тілеухан.