Әжей дүкеннен келе жатқан
Алматыдағы үй ауласында әжейді жеңіл көліктің жүргізушісі басып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға Бостандық ауданындағы «Көктем» шағынауданында болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Infiniti маркалы автокөліктің жүргізушісі кері бағытта қозғалған кезде, 1948 жылы туған әйелді қағып кеткен. Жарақат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді полициядан.
Куәгерлердің сөзінше, жүргізуші артқа қарай жүргенде, азық-түлік көтеріп, дүкеннен келе жатқан зейнеткерді байқамай қалған.