2005 жылы мектепте болған жантүршігерлік оқиға әшкере болған
Ресейдің Свердлов облысында 2005 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысы 20 жылдан кейін ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT Telegram хабарлағандай, Килачёв ауылындағы мектепте 2005 жылы күзетші жұп, 54 жастағы еңбек пәнінің мұғалімі және 30 жастағы дәнекерлеуші оқу орнының қосалқы бөлмесінде жиналған. Олар алкоголь ішіп, тамақтанып отырған кезде араларында жанжал туындап, ақыры қантөгіске ұласқан.
Дәнекерлеуші мен еңбек пәнінің мұғалімі төбелесіп қалады. Ашуға булыққан дәнекерлеуші пышақ алып, қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған. Мұғалім оқиға орнында көз жұмған.
Қаскүнем үш адамды өлтіріп, ізін жасырған
Оқиғаға куә болған күзетші ер адам жәбірленушіге көмектесуге ұмтылғанда, қаскүнем оны да пышақтап тастаған. Кейін оның әйелін де аяусыз өлтірген.
Қанды оқиғадан кейін күдікті пышақты батпаққа лақтырып, киімдері мен аяқ киімін өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен.
Күдікті 20 жылдан кейін ұсталды
20 жыл бойы ашылмай келген қылмыс енді ғана әшкереленіп отыр. Тергеу мәліметінше, қазіргі таңда күдікті 50 жаста. Ол өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген, алты баласы бар.
Құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.