Оларды күйік шалған
Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, әйел мен оның 4 жасар баласын күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға Ақсу кентінде болды. Жеке тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағы өртенді. 25 жастағы әйел мен 4 жасар баланы күйік шалды. Қазіргі кезде зардап шеккендер Степногор қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдап жатыр. Өрт сағат 21:25-те сөндірілді», – деп жазылған хабарламада.