Елордадағы монша кешенінде 51 жастағы әйел бассейнге батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 11 маусымда болды

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында Тұран даңғылында орналасқан «Керемет» монша кешенінде 51 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол байссейнге батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«11 маусым күні сағат 19.10-да бассейнге батып қаза тапқан 51 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы «102» пультіне хабарлама түсті. Қайтыс болған әйелдің 2 топ мүгедегі екені анықталды. Оған «эпилепсия» диагнозы қойылған. Ол моншада анасымен бірге болды», - деп жазылған хабарламада.

Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүріп жатыр.