$ 537.96  630.27  6.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында үш қала мен бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланады

 Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындарына 393 200 теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

Павлодар облысында үш қала мен бірнеше ауданда төтенше жағдай жарияланады
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысында дауылға байланысты үш қалада және бірқатар ауданда төтенше жағдай режимі жарияланады. Мұндай шешім облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Зардап шеккендерге көмек беріледі

Өңір әкімдігінің мәліметінше жергілікті атқарушы органдар бірқатар елді мекенде дауыл желдің салдарынан келтірілген залалды бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Комиссиялар залал келтірілген орындарға барды. 20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініш қабылданады», - деп жазылған хабарламада.

Павлодарда өтінімдер мына телефон нөмірлері арқылы қабылданады:

  • 109,
  • 112,
  • 32-36-92.

Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындары — азаматтардың жекелеген санаттары үшін 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.

Төлемді алу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

  • ТЖБ анықтамасы (6 ай бойы жарамды);
  • мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
  • банктік шоттың болуы туралы хабарлама;
  • жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы).

Құжаттарды тапсырып, қажетті кеңестерді келесі мекен-жайлар бойынша алуға болады:

  • Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 — Оpen Pavlodar фронт-кеңсесі, №3 үстел;
  • Ақсу қаласы - Пушкин көшесі, 70/2;
  • Екібастұз қаласы - Энергетиктер көшесі, 62 тел: 34-77-04, 87757100291(WhatsApp);
  • Баянауыл ауданы - Баянауыл ауылы, Қ. Сәтбаев, 45. Азаматтарды қабылдау орталығы, тел: 87779393500, 87712168242, 87184091203;
  • Павлодар ауданы - Қайырбаев көшесі, 32., тел. 87051527967, 32-20-89;
  • Май ауданы - Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34, 87473708518.

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 43 метрге дейін жететін дауылды жел соқты. Дауылды жел инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келтіріп, электр қуатының өшуіне әкелді.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша 16 адам зардап шеккен. Ақсуда 1968 жылы туған тұрғын қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары