Ақтөбе облысында 9 жасар қыз бен ер адам құдыққа түсіп, қаза тапты

Автор: Темірхан Айжан

Ескі құдықтың беті ашық жатқан 

Фото: Freepik

Ақтөбе облысындағы Жарлы ауылында кішкентай қыз бен ер адам құдыққа түсіп қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2025 жылдың 17 маусым күні тереңдігі 10 метрге жуық ескі құдыққа 9 жасар қыз бала құлап кеткен. Баланы құтқармақ болған Нұрбол атты 38 жастағы спортшы оның артынан құдыққа түскен, өкінішке қарай олар қайтадан шыға алмай қалған.

Алдын ала болжам бойынша, құдықтың түбінде оларға ауа жетпей қалған, не болмаса улы газдарға тұншыққан. Қыз бен ер адамды құтқарушылар ес-түссіз күйде жер бетіне алып шыққан. Дәрігерлер дер кезінде келіп, шара қолданса да екеуі де қайтыс болды.

Қыз құлаған құдық ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған. Оның беті ашық, ішіне қоқыс толып жатқан, қорғаныс қақпағы немесе қоршауы болмаған.