Видеода әншінің қатты таңғалғаны көрінді
Танымал әнші Мадина Сәдуақасова 20 жыл бұрын бейнебаянға бірге түскен азаматқа тосыннан жолықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар «Сүйген жүрек» әніне бейнебаян түсіру кезінде танысқан.
«20 жылдан «Сүйген жүректің» клипіне түскен жігітті бір шарада кездестірдім. 20 жыл бойы клиптегі күшік пен осы жігітті бәрі сұрап келді. Шалқар есімді жігіт режиссер Рашид Сүлейменовтың группаласы, бүгін отбасымен таныстым. Мен үшін өте жағымды тосын сый болды. 20 жыл қайсымыз қатты өзгеріппіз?», - деп жазды әнші.
Бейнебаяндағы жігіт ақ розадан жасалған букетті Мадина Сәдуақасоваға сыйлады.