Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында 110 миллион теңгедан астам сомаға бюджеттік қаражатты жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел алдын-алу шарасы нәтижесінде радиостанциялардың жеткізіліміне сатып алулар туралы қол қойылған келісім-шарт шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 110 млн. теңгеден асады», - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөліміне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.