Олардың арасында браконьерлік үшін бұрын сотталған азаматтар да бар
Түркістан облысының полиция департаменті Сырдария өзені мен Шардара су қоймасынан аса ірі көлемде заңсыз балық аулаған қылмыстық топты анықтап, қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бас-аяғы16 адам ұсталған. Олардың қатарында осындай қылмыстар үшін бұрын сотталғандар да бар.
Прокуратураның мәліметінше, бұл адамдардың біразы балық ауласа, біразы оны тасымалдап, сатқан. Бұның бәрін ұйымдастырып отырған бір адам болған.
«Қылмыстық топтың құрамында тікелей браконьерлер, заңсыз ауланған балықты тасымалдау және сату ісімен айналысқан логистер, сондай-ақ бұл қылмыстық әрекетті үйлестіріп отырған ұйымдастырушы болған», - деп хабарлайды прокуратура.
Полиция 12 рет тінту жүргізіп, бір тоннадан астам балық, 12 қайық пен олардың қозғалтқыштарын, 2 мың метрден астам тор мен өзге құрал-жабдықтарды тәркілеген. Олар осылайша мемлекетке 10 млн теңге шығын келтірген.