Алматыда 650 литр прекурсор сақталған қойма анықталды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл зертхана жасырын есірткі дайындап, сатқан

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы есірткі 2 зертхананы анықтап, жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, 2 есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойма жасырын жұмыс істеп, есірткі өндірген.

Тінту кезінде 15 келіден астам «мефедрон» психотропты заты мен 650 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі заттарын дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.