Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойыздың ішін су алып кеткен

Автор: Темірхан Айжан

Ол уақытта далада жаңбыр жауып тұрған

Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойыздың ішіне су кетіп, жолаушылардың мазасын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Astana.tv хабарлауынша, жүріп бара жатқан пойыз вагонының төбесінен су тамшылай бастаған. Дәл сол уақытта далада жаңбыр жауып тұрған. Су жатын орындар мен дәліздерді алып кеткен.

Жолсеріктер мұны, «жай конденсат» деп түсіндіріп, жолаушыларды басқа орынға ауыстырған.