Димаш Қазақстандағы БҰҰ өкілдерімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Димаш Құдайберген – БҰҰ қызметінің белсенді жақтаушысы

Димаш Құдайберген Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті. Әңгімелесу кезінде одан әрі қарай бірлесіп жұмыс істеу барысы талқыланды. Сонымен бірге, кездесуге Қазақстан Республикасы Бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин қатысты, деп хабарлайды dimashnews.com.

Димаш Құдайберген – БҰҰ қызметінің белсенді жақтаушысы, #ООН75 (#UN75) жаһандық диалогына бірігуге дайын. Осы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығын атап өтуі коронавирус пандемиясына байланысты оқшауланудың оңай емес кезеңіне сәйкес келіп тұр.

«ООН75» («UN75») кампаниясы әлемді жақсарта түсу, бірегей адамзат отбасының басымдықтарын талқылау, сонымен бірге, бірлескен болашақты құру шешімдерін дискуссия жолымен анықтау мақсатында биыл қаңтар айында басталды.

75 жылдық мерейтойды ұйымдастыру жөніндегі арнайы топ керемет әлемді құру тарихында ең ірі және ауқымды саналатын жалпыхалықтық пікірталас өткізуге бастама болып отыр. БҰҰ адамдардың онлайн қарым-қатынаста болуына әрдайым көп көңіл бөледі, қазіргі таңда да, COVID-19 кезеңінде осы бағытта күш салып еңбек етіп келеді.