Новости спорта, футбол, КПЛ

«Түркия жағалауларымен бәсекелесуіміз керек»: Даниал Ахметов Алакөлге барды

Алакөлдің шығыс жағалауы туристерді 13 маусымнан бастап қабылдай бастайды

«Түркия жағалауларымен бәсекелесуіміз керек»: Даниал Ахметов Алакөлге барды

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алакөлге барып, туристік маусымның ашылу қарсаңында қауіпсіздік шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен тағы бір танысып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биылғы маусымның өзгешелігі – коронавирус инфекциясына байланысты демалушылардың қауіпсіздігі, денсаулығына басымдылық берілуінде. Себебі, мұндағы қыдыру-демалу және жағалау аймақтары тығыз орналасқандықтан, инфекция жұқтырып алу мүмкіндігі де жоғары.

Сондықтан Алакөл жағасына өту үшін алдымен жылжымалы медициналық пункт арқылы экспресс-тесттен  өтуіңіз керек. Қазірдің өзінде курортты аймаққа 2 пункт қойылған. Алдағы уақытта қосымша тағы 2 жылжымалы медпункт әкелінеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов бекеттің айналасы орталықтандырылған «Сергек» камераларымен жабдықталатынын айтты.

«Бұл жерден ешкімді тексермей өткізуге болмайды. Медициналық бекеттердің маңызы жоғары, сондықтан талап өте қатаң болады», - деді әкім.

Сонымен бірге аймақ басшысы Алакөлдегі туризм саласында жұмыс істеп жатқан  кәсіпкерлерге биылдан бастап қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеру керек екенін айтты.

«Алакөлдегі туризм сапасын орташа әлемдік стандарттарға көтеріп, Түркия жағалауларымен бәсекелесуіміз керек», - деді Даниал Ахметов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.