$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда екі көлік өртеніп кетті

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Алматыда екі көлік өртеніп кетті
Фото: ҚР ТЖМ

5 маусым күні кешке Алматының Алмалы ауданында Nissan Almera көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенді. Артынша өрт жақын жерде тұрған Land Rover көлігіне шарпыды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зардап шеккендер жоқ

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше өрттің жалпы аумағы 3 шаршы метрді құрады.

"Өрт сағат 22:21-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өрт қателікті кешірмейді

Алматылық құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау әркімнің міндеті екенін, өрт қателікті кешірмейтінін еске салып өтті.   

Еске сала кетейік, таяуда Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана – Шымкент" бағытында жүріп келе жатқан жолаушылар автобусының қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан болатын.

Салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған. Құтқарушылар барлық жолаушыныэвакуациялап, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары