Қарағанды облысында Өзбекстан азаматтары өртеніп кете жаздады

Автор: Алмас Ерсін

Құтқарушылар жанып жатқан автобустан 34 жолаушыны эвакуациялады

Фото: pixabay

Қарағанды облысы Абай ауданындағы "Астана – Шымкент" бойынша бағыт алған жолаушылар автобусының мотор бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға "Астана – Қарағанды – Алматы" автожолының 960-шақырымында болған.

«Өрт аумағы шамамен 2 шаршы метрді құрады және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жойылды», - деп жазылған хабарламада.

Алайда құтқарушылар барлық жолаушыныэвакуациялап, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді.

Салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған. Зардап шеккендер жоқ.