Мұғалімнің биі мен сырт келбетін сынағандар да, қолдап-қуаттағандар да табылды
Мұғалімнің тойдағы биі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеодан бір иығы ашық көйлек киген қонақтардың бірі ортаға билеп шыққанын көруге болады.
Асаба одан кім болып жұмыс істейтінін сұрағанда «мұғалім» деп жауап береді.
«Керемет. Өте салиқалы ұстаз екен», - деп асаба жігіт жиналғандарды ду күлдіреді.
Мұғалімнің биі мен сырт келбетін сынағандар да, қолдап-қуаттағандар да табылды.
«Билесін, бірақ олай емес. Киімі де мұғалімге ұяттау екен», «Бәрі әдемі жарасып тұр, сонда мұғалімдер билеп, жұрт сияқты еркін жүрмеу керек пе?!», «Әп-әдемі, биі өзіне жарасып тұр!», «Артық кимыл жасап жатқан жоқ, жап-жақсы билеп тұр, сегіз қырлы, бір сырлы педагог», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін тойда алдын ашып, іш киімін жұртқа көрсетіп билеген бойжеткен сынның астында қалған болатын. Видеоға назар аударсақ, ашық киініп билеген бойжеткеннің жанынан жасы үлкендеу ер адамды да байқауға болады.Олардың бұл биі жұрттың көңілінен шыға қойған жоқ. Бойжеткеннің киген киіміне жұрт наразылығын білдірді.