Алматыда мұнара краны құлады: жұмысшы көз жұмды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады

Фото: Алматы ТЖД

Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. «Сәтбаев» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында мұнара краны құлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның мән-жайы

Қайғылы оқиға 3 маусымда болды. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан кран операторы қаза тапқан.

"Шақыру бойынша дереу Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының және басқа да қызметтердің қызметкерлері жөнелтілді. Ақпарат нақтыланып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция не дейді?

Оқиғаға қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді. Қазір полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр.

«Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.