Құтқарушылар лифтіде тұрып қалған жағдайда барлық түймені қатарынан басуға болмайтынын ескертті
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 77 жастағы әйелді лифтіден алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Көкшетау қаласында болған.
«ТЖД 112 пультіне 1947 жылы туған әйел лифтіде қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Лифтіге қызмет көрсететін компанияға хабарласа алмағандықтан құтқарушыларды шақырды», - деп жазылған хабарламада.
Шақыру орнына келген құтқарушылар лифт есігін гидровликалық авариялық құтқару құралдың көмегімен ашып, қарияға сыртқа шығуға көмектесті.
Медициналық көмек қажет болған жоқ. Алғысын білдіріп, үйіне кіріп кетті.
ТЖМ лифтіде тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады: