Қалған 30 гектар жер өртеніп жатыр
Атырау облысында 280 гектарды шарпыған қамыс өртіне қарсы ауқымды өрт сөндіру операциясы жүріп жатыр. Қазірге дейін оның 250 гектары сөндірілген, қалған 30 гектар жер өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, өртті ауыздықтауға мынадай күштер тартылған:
Тікұшақпен 30 тонна су төгілген. Қазір өртті толық сөндіру және жалынның таралуын болдырмау үшін топырақпен оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Мамандар өрттің күрделілігін батпақты жер мен тығыз камыш зарослі екенін айтады. Қазіргі таңда өрт сөндіру штабы құрылып, төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Әкімдік мәліметінше, жақын маңдағы елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт аумағы табиғи резерват шегінде орналасқан. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өртті сөндіру әрекеттері жалғасуда.
«Өртті сөндіру барысында адам шығыны жоқ. Жағдай бақылауда», – делінген Атырау облысы әкімдігінің Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.