Ол видеобақылауға түсіп қалған
Астанада терезе арқылы үйге кіріп, ұрлық жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz сайтының жазуынша, қылмыскер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Ол түнгі уақытта Оқжетпес көшесіндегі жеке үйдің ашық терезесін пайдаланып, үй ішіне кіріп кеткен.
Астаналық тұрғын полицияға шағым түсіріп, қоғамдық жатақхана бөлмесінде ұрлық болғанын хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел топ күдіктіні бір тәуліктің ішінде анықтап, ұстаған.
«Күдікті кінәсін толық мойындады»,– деп мәлімдеді Сарыарқа ауданының криминалдық полициясы.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.