Қазақстандағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жарияланды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл шаһарларда бүгін ауа ластанады

Фото: pixabay.com

Бүгін Қазақстанның бес қаласында ауадағы зиянды заттар көбейіп, ауаның сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазгидромет қалалардың тізімін ұсынды

Бүгін, 30 мамыр күні мына қалалардың ауасы нашарлайды:

  • Ақтөбе
  • Павлодар
  • Алматы
  • Қостанай
  • Астана

«Бұл қалалардағы атмосфералар ауа қабатындағы зиянды заттардың көбеюінен бұзылып, қоршаған ортаға әсер етеді», - деп хабарлайды Қазгидромет.