Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды
Қарағанды облысында 9 маусым күні белгісіз азамат сөзге келіспеушілік барысында анықталмаған қарумен екі адамға оқ жарақаттарын салып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Жәбірленушілер ауруханаға жатқызылды. Оқиғаға қатысушылардың тұлғалары мен оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарламада.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-тармағы «Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысты ашу күдіктілерді ұстау бойынша облыстың ішкі істер органының барлық жеке құрамына бағыттама берілді. Тергеу амалдары жалғасуда.