Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми мәлімдемесі
Азат Азаматов органда 2014 жылдың 30 сәуірінен 21.05.2020 жылға дейін Патрульдік полиция полкінің инспекторы болып жұмыс істеді. Ол ішкі істер органдарынан өз еркімен шығарылды, деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: «Ұлды болсам бүкіл ауылға той жасаймын»: блок-бекетте қаза тапқан полицейдің арманы
Ресми хабарламада А. Азаматовтың қызмет еткен жылдары 4 рет жазаланғаны, бірде-бір рет ынталандыру алмағыны айтылған. Ол әскери-қызметтік тәртіпті бұзып, жауапкершілігінің төмендігіне байланысты жазаға тартылған.
«Апат болған кезде ол мас күйінде болды, оны сот-медициналық сараптама растап, оның орташа дәрежедегі мас болғанын анықтады. Осы жылдың 25 мамырында болған қайғылы оқиғаны тексеріп талдағаннан кейін, құқықбұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар жасаған қызметкерлерге уақтылы ден қою шаралары қабылданбады деген тұжырым жасалды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Департамент бұқаралық ақпарат құралдарына бұрмаланған ақпарат ұсыну фактілеріне баға берлгенін хабарлайды. Ішкі тексеріс нәтижесінде Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен басшылық ішінен 9 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде 3-еуі қызметінен босатылды.
«Қазіргі уақытта апат болған жағдайда тергеу жүргізіліп жатқан іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптама тағайындалды. ҚР ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігіндегі санкция белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда блок-бекеттегі апаттан жараланған үшінші полицей есін жиды
Естеріңізде салсақ, 25 мамырда таңғы уақытта Көксай елдімекеніндегі блок-бекетті күзеткен сақшыларды BMW автокөлігі соққан болатын. Апатқа кінәлі жүргізушінің өзі де бұрын полицияда жұмыс істеген. Оқиға салдарынан 2 полицей қаза тапса, үшіншісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.