Олар үйінде «көкнәр» егіп, оны сатқан
Жетісай облысында 1 882 түп «көкнәр» өсіріп жүрген әкесі мен баласы қолға түсті. Олардың үйін тінту кезінде «Макаров» маркалы бірнеше тапанша табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сенсек, бұдан өзге Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында жедел іздестіру шаралары кезінде 12 мыңнан астам «Трамадол» есірткі препаратын әкетіп бара жатқан екі азамат ұсталды.
«Ал Кентау қаласында синтетикалық есірткіні заңсыз жарнамалайтын граффити салатын күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлайды Түркістан облысының прокуратурасы.
Ал бүгін Астана қаласының полиция қызметкерлері есірткі таратып жүр деген күдікпен 27 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктіден синтетикалық есірткі – «Альфа-PVP» психотропты зат салынған 14 орама табылды.
Нұра ауданының криминалдық полициясы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Тексеру кезінде:
Зертханалық сараптама табылған заттың «альфа-PVP» психотропты есірткі екенін анықтады.
Тергеу барысында жас жігіттің есірткі курьері қызметін интернет арқылы тапқаны белгілі болды. Ол:
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті кінәсін мойындап, қамауға алынды.