27.05.2025, 13:50
Оқиғалар
Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ ішінде жолаушы әйел көз жұмды
Ұшақ Екатеринбург – Сочи бағытында ұшып бара жатқан
Фото: instagram.com/aktobe_airport/
Nordwind Airlines әуе компаниясының Boeing-777 ұшағында жолаушы әйел көз жұмды. Екатеринбург-Сочи бағытында ұшып бара жатқан ұшақ жолаушының жағдайы нашарлаған соң шұғыл түрде Ақтөбе әуежайына қонған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі растады.
«Бүгін шамамен 12:40-та Екатеринбург – Сочи бағытында ұшып бара жатқан Nordwind Airlines әуекомпаниясының ұшағы Ақтөбе әуежайына қонды. Өйткені, ішіндегі бір жолаушының жағдайы нашарлаған. Өкінішке қарай, 1983 жылы туған әйел ұшақ Ақтөбеге қонбай тұрып әуеде көз жұмды», - деп хабарлады Ақтөбе әуежайы.
Қазір осы мәселеге қатысты құзырлы органдар тиісті процедураны бастаған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды