22.05.2025, 12:10
Оқиғалар
Ташкентте анасы фаст-фуд берген он айлық баланың ішегі шіріп кеткен (ВИДЕО)
Дәрігерлер баланың ішегін операция арқылы алып тастаған
Фото: скриншот
Ташкент тұрғыны 10 айлық баласының аузына фаст-фуд шайнап берген соң бала құсып, іші ауырған, үлкен дәретінен қан табылған, деп жазады Azattyq Rýhy podrobno.uz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, баланы тексерген дәрігерлер оның ішегі шіріп бара жатқанын анықтаған. Тез арада операция жасаған дәрігерлер баланың ішегін кесіп, стома салып берген.
Енді бала жарты жыл бойы осы жасанды ішек арқылы дәретке барады.
Анасының айтуынша, баласы қатты жылаған соң ол лаваш пен картоптан жасалған фри тамағын аузына шайнап берген. Артынша баласы құсып, ауырған.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 14:20
Астаналықтар енді жүргізуші куәлігінің теориясын онлайн тапсыра алады
