Алматы тұрғыны туған қызы мен күйеу баласын атып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

69 жастағы қария кейін өз-өзіне қол жұмсаған

Фото: ашық дереккөзден

8 маусым күні Алматы қаласының Түрксіб ауданында 1951 жылы туған тұрғын отбасылық жанжал кезінде 1987 жылғы күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын атып өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, қару тұрғынның атына тіркелген. Қайғылы оқиғаның басқа да жағдайлары анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.