Украинада маньякқа еліктеген 14 жастағы оқушы 7 жастағы қызды балғамен ұрып өлтірген

Автор: Аягөз Құрмаш

Жасөспірім бірнеше қылмыс жасаған адамға еліктеген

Фото: SHOT

Украинаның Бердянск қаласында 14 жастағы мектеп оқушысы 7 жастағы қыз баланы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы SHOT дереккөзі хабарлады. Күдіктінің әрекеті битцев маньягі ретінде танылған Александр Пичушкиннің әдістеріне ұқсайтыны айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыз бала 16 мамыр күні жоғалып кеткен

Жергілікті ақпаратқа сәйкес, 7 жастағы қыз 16 мамыр күні кешкі сағат 17:00 шамасында құрбыларымен аулаға ойнауға шыққан. Алайда сол күні үйіне қайта оралмаған. Ертеңінде қыз баланың мәйіті қаланың шетіндегі орман алқабынан табылған.

Қылмыс әдісі мен жазба тергеушілерді шошытты

Алдын ала болжам бойынша, күдікті жетінші сынып оқушысы, ол баланың басынан балғамен бірнеше рет ұрған. Бұл тәсіл сериялық кісі өлтіруші Александр Пичушкиннің әрекеттеріне ұқсас. Полиция мәйіттің жанынан «Пичушкинді сүйемін» деген мазмұндағы жазбаны тапқан. Бұл күдіктінің Пичушкинге еліктеп әрекет еткенін айғақтайды.

Битцев маньягі – 49 адамды өлтірген қылмыскер

Еске салсақ, Александр Пичушкин — Ресейдегі ең атышулы сериялық қылмыскерлердің бірі. Ол 49 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Қазір ол Ямал-Ненец автономиялық округіндегі Харп елді мекенінде қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Жуырда ол тағы 11 қылмысын мойындаған болатын.

Құқық қорғау органдары істі қалай тергеп жатыр

Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің психологиялық жағдайы мен оның қылмысқа бару себептері анықталмақ.