Астанада жасөспірім обыр дертін жеңіп шықты

Автор: Темірхан Айжан

Дәрігер баланың әсерлі сәтін желіде бөлісті 

Фото: скрин

Астанадағы «Ана мен бала» орталығының емделушісі Илья обыр сырқатынын айықты. Ол орталықтағы «ракты жеңген батырлардың» қағатын қоңырауын өз қолымен қақты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.

Осы бір қуанышқа толы әсерлі сәттің видеосын онколог маман Райгүл Нүсіпова өзінің әлеуметтік желісіне бөлісті.

«Чемпион ауруханадан шықты. Ремиссия ұзағынан болсын, болашағың жарқын болсын», - деп жазды дәрігер.

Көзінде үміт шамшырағы жарқыраған Илья Райгүл Нүсіпованы қайта-қайта құшақтап, алғысын білдіргені көрінеді.