«Басым айналып, құсқым келді»: Алматы халқы тағы да жер сілкінісін сезді

Автор: Бақыт Шынар

Қырғызстандағы жер дүмпуінің күші 5 баллға жеткен

Фото: istockphoto.com

Бүгін, 12 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:38-де Алматы қаласында жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жер дүмпуінің эпиорталығы Қырғызстан аумағында орналасқан. Қуаты 5,3 балл болған.

Алматылықтар әлеуметтік желіде жер сілкінісі дардай сезілгенін жазып, пікір білдіріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, жетінші, тоғызыншы, он бірінші қабаттағы ғимараттар біраз уақыт теңселген.

«Жетінші қабаттағы кеңсе он секундтай теңселді. Жүрегім айнып кетті», - деп жазған қала тұрғындары.