«Қайтадан кіші сержант болып қалдым»: Мадина Сәдуақасова мен қазақ әскерін не байланыстырады

Автор: Бақыт Шынар

Эстрада әншісі қатардағы жауынгер болған сәтінен бастап қандай шен алғанын түгендеп шыққан

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова Отан қорғаушы күні қарсаңында салтанатты концертте түскен суретін жүктеп, өзінің әскери өмірі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, ол – Қазақстанда әскерге міндетті әйел адамдардың қатарына жатады.

«Мен де әскерге міндетті адамдардың қатарына жатамын. Мен ең алдымен қатардағы Сәдуақасова болдым. Екі жылдан кейін кіші сержант атағын алдым. Еңбектің арқасында прапорщик атанып едім, кейін бұл атақ жойылды. Сондықтан, мен тағы да кіші сержант болып қалдым», - дейді әнші.

Айта кетейік, әншінің репертуарында патриоттық әндер бар және ол әскери оркестрде ән салады.