Оқиға орнына өрт сөндірушілер аттанды
Астананың оң жағалауында орналасқан «Шапағат» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде қала тұрғындары түтінге оранған базардың суреттерін жарыса таратып жатыр.
Қазір ТЖМ құтқарушылары базардағы адамдарды эвакуациялап жатқаны белгілі болып отыр.
«Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер бойынша ақпарат түскен жоқ», - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.