Шымкентте жүк көлігіндегі 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

Автор: Алмас Ерсін

Зардап шеккендер жоқ

Фото: pixabay

Шымкентте жүк көлігіндегі 5 тонна сіріңке өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Otyrarkz-тің мәліметінше 6 мамырда сағат 16:50-де Жібек жолы көшесінде сіріңке тиелген жүк көлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жетті. Олар қызыл жалынды сағат 17:20-да оқшаулап, 17:39-да толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт салдарынан жүк көлігінде болған 15 тонна сіріңкенің 5 тоннаға жуығы жанып кеткен.

Тегтер: