Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр
Щучинскіде саунада притон ұйымдастырған әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Nayzakokshe Instagram парақшасы мәлімдегендей, сауна иесі жуынуға келген ер адамдарға жеңіл жүрісті қыздардың ақылы қызметін ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан.
Полиция жеңгетайлық фактісі бойынша арнайы операция жүргізіп, күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары клиенттер мен жезөкшелікпен айналысқан әйелдердің кім екенін анықтап жатыр.
Сауна иесіне қатысты да тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары бұл істе барлық заң бұзушылықты анықтап, тиісті шара қолданатынын мәлімдеді.