Қарағандыда көлік қаққан қыз бірнеше метрге ұшып түсті – оқиға видеоға түсіп қалған

Автор: Алмас Ерсін

Қыз бала тоқтап тұрған жүк көлігінің артынан жолға жүгіріп шыққан, жүргізуші тежегішті басып үлгермеген

Фото: Azattyq Rýhy

Қарағанды қаласында 9 жасар қызды жеңіл көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 мамырда Морозов көшесінде болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің мәліметінше, Toyota көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолға жүгіріп шыққан 9 жасар қызды қағып кеткен. Оқиға салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Полиция тиісті сараптамаларды тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.