Олардың сегізі - балалар
Семейде жерасты паркингінен өрт шығып, көпқабатты үй тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық ТЖ басқармасына сілтеме жасап.
«5 маусым күні түнгі сағат 23.00-де Ыбыраев көшесіндегі тоғызқабатты үйдің паркингінде 2000 жылы шыққан Toyota Land Cruiser көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт 8 шаршы метр жерді шарпыды. Оқиға орнынан 57 ересек адам мен 8 бала эвакуацияланған», - деп жазылған хабарламада.
ТЖ басқармасының хабарлауынша, өрт сөндірушілерді тұрғындар шақырған. Өрт 20 минутта сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.