Дереккөзге сүйенсек, ол патрульдің айтқан сөзіне құлақ аспаған
Астанада полиция қызметкерлерінің Орталық саябақтағы көпірде велосипедші жігітті тоқтатып, қолынан қайырып кеткен видеосы тарады. Бейнежазбада полиция жас жігітті қолынан қайырып, алып кеткенін байқауға болады. Azattyq Rýhy осы мәселе бойынша полиция департаментінен комментарий сұратты.
«Сол маңды патрульдеп жүрген полиция қызметкерлері тыйым салынған белгіле қарамастан, жаяу адам жүретін жолға түсіп, велосипед тепкен адамды байқады. Полиция оны полиция бөліміне апарайын дегенде велосипедші қарсылық танытты. Сондықтан, полиция қызметкерлері оның қолын қайырып әкетті», - деп хабарлайды полиция департаменті.