Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған
Атырауда туысқандарымен табиғат аясына шыққан жігіт рұқсат етілмеген жерге шомылып, суға батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусым күні сағат 18:44-те Атырау облысы Жылыой аудандық ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» Құлсары қаласынан 10 шақырым жердегі Жем өзенінен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді.
«19:55-те ТЖД қызметкерлері суға кеткен адамның денесін шығарды. Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД тұрғындарға арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеуді ескертеді.