Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг жүргізетін жаңа орталық ашылған
Петропавл қаласының прокуратурасы құқық бұзу фактілерінің алдын алу үшін ахуал орталығын ашып, қылмыспен күресу үшін дрон және жасанды интеллект әдістерін қолданып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Облыс орталығының мониторингі қазірдің өзінде нақты нәтиже берді, яғни, бұзақылық жасағандар мен мас күйінде қоғамдық орында жүргендер тез ұсталып, түнде көшеде жүрген балалар да көп анықталып жатыр. Сондай-ақ қайыр сұрау фактілері тіркелді», - деп хабарлайды прокуратура.
Прокуратура бұл фактілердің әрқайсысын кітапқа тіркеп, заңсыздықты жою үшін оқиға орнына полицияны жібереді.