Турист Мойынқұм ауданының маңында құжаттарын жоғалтып алған еді
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы маңында Қытай Халық Республикасының азаматшасы түскі ас ішіп отырып, құжаттарын жоғалтып алған еді. Құжатты тауып алған сол маңдағы полицейлер турист қызды қуып жетіп, оған ілтипат танытқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Шетелдік азаматшаны қуып жетіп, оның жеке құжаттарын толықтай өз қолына табыстады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері көлігіне жанармай құйып беріп, сусын ұсынып, сапарына сәттілік тілеп, шығарып салды», - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.
Турист болса ықылас танытқан полиция қызметкерлерінің нағыз кәсіби маман екенін айтып, алғыс білдірген.