$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бурабайдағы туризм 4 жылдан кейін қалай өзгереді

Туризмді дамыту жоспары 12 бағыттан тұрады 

Бурабайдағы туризм 4 жылдан кейін қалай өзгереді
Фото: ЖИ

Биыл Президент Тоқаев Ұлттық құрылтай кезінде Бурабайды дамытуға 140 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетінін айтқан еді. Осы қаражат алдағы 4 жылда Бурабайдың курорттық келбетін тартымды етіп, қызмет көрсету сапасын арттырып, адам танымастай өзгертуі керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысының әкімідігінің мәлметінше, нақты қаражаттың сомасы - 137,2 млрд теңге. Оның 45,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 27,5 млрд теңгесі жергілікті әкімдіктен бөлінеді. Ал басым бөлігі - 64 млрд теңге инвесторлардан тартылады.

Бұл қомақты қаражатқа 118 іс шара орындалады.

Жоспар 12 негізгі бағыттан тұрады – тұрақты туризмді дамытуға жағдай жасау, инвестициялық жобалар, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, сондай-ақ басқа да бағыттар. Оның ішінде инженерлік және көліктік инфрақұрылымның 34 жобасына басымдық беріледі: шамамен 400 км сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелері, 116 км электр желілері және 80 км автомобиль жолдары салынбақ.

Биыл бұл салаға 3,3 млрд теңге бөлінген.

Серіктес жаңалықтары