Тараз ауруханасынан 750 млн теңге қаражат жымқырған екі әйел ұзақ жылға сотталды

Автор: Бақыт Шынар

Оның бірі бас дәрігердің орынбасары, ал екіншісі бас есепші болған

Фото: Azattyq ruhy

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Шаушенова мен бас бухгалтер Достаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Антикордың мәліметінше, олар «Қайрат Құрылыс-ҚК» ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар арқылы  758 млн теңгені заңсыз аударып, ары қарай ол ақшаны жымқырған.

«Бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды. Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Антикор.