Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарулы шабуыл бүгін сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында болған. Шенеунік қазір ауруханада.
«Күдікті ұсталды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.
Бұл қызметке келгенге дейін Руслан Берденов Мәжіліс депутаты болған.