Қыздардың марқұм әкесі кінәлі болып шықты
Мәскеудегі Бутыр аудандық соты Михаил Хачатурянды тірі кезінде өз қыздарына қарсы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Екі қызының ісі қайта тергеледі, ал, ақыл-есі кем бір қызына қатысты ісі бөлек қаралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот Михаил Хачатурянды Ресей Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша кінәлі деп таныды:
Айып бойынша ол қыздарының құрбысына порнографиялық сипаттағы материалдар жолдағаны, сонымен қатар өз қыздарына ұзақ жылдар бойы физикалық және психологиялық қысым көрсеткені анықталған.
Михаил Хачатурянға қатысты тергеуді оның туыстары бастамашылық еткен, олар ер адамның кінәсіздігін дәлелдеуге тырысқан. Алайда, сот үкімімен оның зорлық әрекеттері дәлелденді. Бұл шешім Хачатурянның үш қызына қатысты қозғалған қылмыстық істі қайта саралауға негіз болуы мүмкін. Адвокаттар қыздардың әрекетін қажетті қорғаныс деп тануды талап етуде.
2018 жылдың 27 шілдесінде Мәскеудегі Алтуфьево шоссесінде орналасқан тұрғын үйдің кіреберісінен Михаил Хачатурянның денесі табылған. Сараптама қорытындысы бойынша, оған 36 рет пышақ салынған, оның ішінде 17 жастағы қызы 35 рет, 18 жастағы қызы оның басынан бірнеше рет ұрған, ал 19 жастағы үлкені көзді жасауратады баллон қолданған соң жүрек тұсына пышақ сұққан.
Қыздар бірнеше жыл бойы әкесінің психологиялық және физикалық зорлығына ұшырағанын мойындаған. Мария, Ангелина және Крестина Хачатуряндар қамауға алынып, кейін оларды үйқамаққа ауыстырған. Қоғамдық қолдау толқыны Ресейде ғана емес, Армения, АҚШ және Еуропа елдерінде де байқалды.
Қазіргі таңда Мария Хачатурянның ақыл-есі жартылай кем екені анықталып, оның ісі бөлек қаралуда. Қалған екі қызға қатысты іс қайта тергеу сатысында.