Қарағанды облысында жедел жәрдем бригадасы құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

Автор: Алмас Ерсін

Шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі батпақта тұрып қалған

Фото: видеодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел жәрдем бригадасына көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Кеше Қарағанды облысының Абай ауданында шақыртуға бара жатқан жедел жәрдем көлігі батпақта тұрып қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар жедел түрде жетіп, көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.