Димаш желіде әнін мазаққа айналдырғандарға жауап берді

Автор: Темірхан Айжан

Ол жерлестеріне еш реніші жоғын білдірді 

Фото: @kudaibergenov.dimash

Димаш әйгілі әндерінің бірін желіде мазаққа айналдырған отандастарына жазба арнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін әлеуметтік желіде жерлестерімнің «Бір аспанның хикаясы» атты әнімді қызу талқылап жатқанын білдім. Егер сені мазақтаса – сенің тірі және қызық екеніңнің айғағы дейді ғой.  Құрметті жерлестер, шығармашылық әзілдеріңізге рахмет. Тіпті күтпеген қалжыңдар болса да, назар аударып жатқандарыңызға рахмет. Ал бүкіл әлемдегі қымбатты жанкүйерлерім - мені әрқашан қорғап жүргендеріңізге, шынайылық пен жақсылықты жақтағандарыңыз үшін үлкен рахмет. Мен үшін сөздеріңіз музыка сияқты. 26 мамырда Алматыда «D&Dears» кешінде кездескенше. Билеттер Тикетон.kz сайтында сатылады», - деп жазды ол.

Айта кетсек, кейбір желі қолданушылары Димаштың ағылшын тіліндегі әнін бұрмалап, күлкіге айналдырып таратқан еді. Көпшілік ішінде оларды сынап жатқандар бар.