«Жалақысы жоғары жұмыс ұсынған»: Мьянмада құлдыққа түскен қазақстандықтар туралы тың ақпарат жарияланды

Автор: Темірхан Айжан

Олар елге оралды

Фото: depositphotos.com

Тайландта жоғары жалақысы бар жұмыс деген хабарландыруға алданып барған қазақстандықтар құлдыққа түсіп қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Dunyo.info-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Олармен бірге 8 Қырғызстан азаматы, 2 Өзбекстан азаматы болған. Жәбірленушілердің сөзінше, оларға Тайландтағы жұмыс беруші интернет арқылы жоғары жалақы ұсынған, кейін Өзбекстанға билет алып берген. Ары қарай Тайландқа жетеді. Сол жерден оларды заңсыз жолмен Мьянмаға алып кеткен. Қылмыстық топтың құрығына түскен азаматтар мәжбүрлі түрде call-орталықта жұмыс істейді. Басшылары ірі көлемде ақша төлесе ғана, құлдықтан босататынын айтқан.

Тайландтағы Қазақстан мен Өзбекстанның дипломаттары азаматтарды құтқаруға күш салды. Мьянма мен Тайландтың құзыретті органдарымен келісілген іс-қимылдар мен келіссөздер нәтижесінде Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан азаматтары босатылып, Маесот (Тайланд) шекаралық пунктіне жеткізіліп, уақытша жататын орын мен тамақпен қамтамасыз етілген.

Өзбекстан мен Қазақстанның Тайландтағы дипломатиялық өкілдіктерінің көмегімен азаматы, 4 Қазақстан азаматы, 2 Өзбекстан және 7 Қырғызстан азаматы елдеріне оралды.